1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
НА 11,7% СНИЗИЛОСЬ ЧИСЛО НЕЗАСТРАХОВАННЫХ СРЕДИ УЧАСТНИКОВ КОНКУРСА «ЛИДЕР ПМСП»

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МСАК көшбасшысы» байқауының қорытындысын жариялады. Оған еліміздің 18 өңірінен 408 медициналық ұйым қатысты.

«МСАК көшбасшысы» байқауы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бастамасымен ұйымдастырылып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының жүйедегі рөлін арттыруға бағытталды.

«Жобаның мақсаты – үздік медициналық ұйымдарды марапаттап, қолдаумен қатар, кешенді шараларды енгізуге ынталандыру. Бұл медициналық қызмет сапасын арттыру, тіркелген халықты МӘМС жүйесімен қамтуды кеңейту, медициналық көмектің сапасына шағымдар санын азайту, пациенттерді қолдау қызметінің жұмыс механизмдерін жетілдіру, МСАК ұйымдарының беделін нығайту және халықтың сенімін арттыру сияқты міндеттерді қамтиды. Осындай бастамалар емхана мен пациент арасындағы өзара әрекеттестікті жақсартып, денсаулық сақтау жүйесіне халықтың сенімін нығайтуда маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов.

«МСАК көшбасшысы» байқауы 2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында Қазақстанның 18 өңірінде өтті. Байқауға МСАК қызметін көрсететін 618 жеткізушінің 408-і (66%) қатысты. Әсіресе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында МСАК жеткізушілерінің қатысу деңгейі 100%-ды құрады.

Байқау барысында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді. Мысалы, Ақмола облысында МӘМС жүйесімен қамтылған халықтың үлесі 16%-ға, ал Маңғыстау облысында 15%-ға артты. Жалпы байқауға қатысқан медициналық ұйымдар арасында тіркелген, бірақ сақтандырылмаған азаматтардың саны 11,7%-ға азайып, 2,24 миллионнан 1,98 миллион адамға дейін төмендеді. Қордың кері байланыс арналары арқылы түскен шағымдар саны 4,6%-ға, яғни 3 641-ден 3 471-ге азайды. Ең үлкен төмендеу Ақтөбе облысында байқалды – шағымдар саны 25%-ға қысқарды. Сонымен қатар, МӘМС туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде 5 859 материал жарияланды, оның ішінде ең көбі Түркістан облысында – 1 397 материал жарық көрді.

«МСАК көшбасшысы» байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін Қордың, жергілікті денсаулық сақтау басқармаларының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, үкіметтік емес ұйымдар мен демеуші компаниялардың өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеді. Қатысушыларды бағалау медициналық қызмет сапасы, халықты МӘМС жүйесімен қамту, шағымдар санын азайту сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша жинаған ұпайлары негізінде жүргізілді.

«Пациенттердің қанағаттану деңгейін бағалау – байқаудың тағы бір маңызды бөлігі. МСАК ұйымдары тіркелген халық арасында сауалнама жүргізіп, оған 69 мың адам қатысты. Пациенттерді қолдау қызметі жұмысына қанағаттану деңгейінің орташа көрсеткіші 78,1%-ды құрады. Барлық нәтижелерді ескере отырып, біз байқауды жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдадық. Бұл жетістіктерді нығайтып, медициналық ұйымдардың жұмысын одан әрі жақсартуға ынталандырып, халықтың МӘМС жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді», – деді Қор басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1-31 мамыры аралығында Қор Қарағанды облысындағы МСАК ұйымдары арасында «МСАК көшбасшысы» байқауының пилоттық нұсқасын өткізді. Байқауға өңірдегі барлық 37 МСАК ұйымы қатысты. Қарағанды облысындағы пилоттық жобаның оң тәжірибесі оның қойылған мақсаттарға жету және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жақсартуда жоғары тиімділігін дәлелдеді.












30.12.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу